Бокс

IBF: Елеусінов, Жүкембаев және Ербосынұлы үздік ондыққа енді

IBF: Елеусінов, Жүкембаев және Ербосынұлы үздік ондыққа енді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) әр салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұрынғы әлем чемпионы Индонгоны жеңіп, IBF Inter-Continental титулын жеңіп алған Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта алғашқы ондыққа енді. Ол қазір тоғызыншы орында. Бұл салмақтың чемпионы америкалық кіші Эррол Спенс.

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте тағы бір жерлесіміз Батыр Джукембаев жетінші орынды сақтап қалды. Бұл дивизионда IBF белбеуі британиялық Джош Тейлорға тиесілі.

Орта салмақтың чемпионы - Геннадий Головкин. Ал бұл салмақта үздік ондықты Мейірім Нұрсұлтанов түйіндеп тұр. Жәнібек Әлімханұлы одан бір саты төмен, 11-орынға жайғасқан.

Ал 16 желтоқсанда жұдырықтасатын Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақта жетінші орында тұр. Оның америкалық Калеб Плантқа тиесілі чемпиондық белбеуге міндетті үміткер болуға толық мүмкіндігі бар.

Желтоқсанда кімдер шаршы алаңға шығады

Елордада өтетін бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді

Головкиннің келесі жекпе-жегі ресми жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер