Әлем футболы

Жиру - Чемпиондар лигасында покер жасаған ең егде жастағы ойыншы

Жиру - Чемпиондар лигасында покер жасаған ең егде жастағы ойыншы
news-banner7
mobile-news-top

Лондондық «Челси» Испанияның «Севильясын» жеңіп, Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды. Төрт голды да франциялық шабуылшы Оливье Жиру (8, 54, 74 және 83-минуттар) соқты.

УЕФА-ның твиттер парақшасында хабарлануынша, Жиру Чемпиондар лигасында покер жасаған ең егде жастағы ойыншы ретінде тарихқа енді. Оның жасы қазі 34-те.

Бір қызығы, Жиру осы маусымда «Челси» сапында Премьер-Лигада бес ойын өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ. Ал Чемпиондар лигасында оның үш ойындағы бес гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер