Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингке 18 желтоқсанда оралады

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингке 18 желтоқсанда оралады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін 18 желтоқсанда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, спортшы Алматыдағы МТК Қазақстан бокс кешіне қатысады. Ол украиналық Сергей Радченкомен (7-6, 2 КО) жұдырықтаспақ. Бірінші ауыр салмақтағы айқас он раундқа жоспарланған.

Еске салайық, Қоңқабаевтың кәсіпқой рингтегі дебюті 23 тамызда оңтүстік астанада өтті. Сол жекпе-жекте ол тәжірибелі Иса Ақбербаевты (20-2, 15 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді. Ал Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында Қамшыбек 91 келіден жоғары салмақта алтын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер