Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев: Турнирдің қандай болатынын да ұмытып қалдық

Алмат Кебіспаев: Турнирдің қандай болатынын да ұмытып қалдық
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен команда капитаны Алмат Кебіспаев Алматыдағы ел біріншілігінде төртінші чемпиондық атағын жеңіп, ҰОК сайтына шағын сұхбат берген ол індет кезіндегі жарыстың қиындығына тоқталып, жаңадан бой көтерген жастардың талабына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жарты жылдан астам уақыт бойы бозкілемге шықпағасын, бұл турнир қиынға соқты. Әсіресе, психологиялық тұрғыдан оңай болған жоқ. Жарыстың атмосферасын ұмытып қалдық десек, артық емес. Былтыр жастар құрамасында жүрген балуандар карантин кезінде біраз жетіліп, жақсы бәсекелестік танытты. Бұл бізді қуантатыны сөзсіз, өйткені, соңымыздан ерген жігіттердің аяқ алысы мен үшін маңызды. Ал өзіме келер болсам, алғашқы жарыс күні ауырлау өтті. Көптен кілемге шықпағаным бар, карантинде қосып алған 5-6 келі салмақ бар... Салмақ қуып, қалпыма келгенше біраз тер төгуге тура келді. Финалдық бәсекеде айтарлықтай қиын болған жоқ. Өзімді жақсы сезініп, жеңіске жететініме сенімді болдым. Осы орайда, залдағы көрерменнің жоқтығы да сезілмегенін айта кеткім келеді. Өйткені, күресті сағынып қалған жанкүйер теледидардан, интернеттен көріп, қолдауын аямай, тілектестік танытып отырды. Осындай қиын кезеңде ел біріншілігін абыроймен ұйымдастырғандарға рахмет айтамын», - дейді Алмат.

Алмат Кебіспаев 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды. Финалда ол Алматы облысының өкілі Нұрбек Қызыровты 7:5 есебімен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер