ММА

«Arlan MMA Pro Team – үздік және мықты ұжым». Хабиб қазақстандық клубты мақтады

«Arlan MMA Pro Team – үздік және мықты ұжым». Хабиб қазақстандық клубты мақтады
news-banner7
mobile-news-top

2 желтоқсанда ресейлік ММА файтері Хабиб Нурмагомедов (29-0) баспасөз мәслихатын өткізді. «Қыран» іс-шара барысында қазақстандық Arlan MMA ProTeam клубы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

Arlan MMA Pro Team командасының Instagram-дағы ресми аккаунтында Нурмагомедовтің баспасөз конференциясындағы қысқаша видеосы жарияланды.

«Әрине, мен Arlan MMA Pro Team туралы естіп жүрмін. Оны басқаратын жігіттер менің жақсы достарым және ескі таныстарым. Мұндай командалардың пайда болуы бәсекелестікті арттырады, жекпе-жек шеберлері өсіп келеді. Командалар неғұрлым көп болса, жаңа бастаған жауынгерлер үшін жақсы. Онда мен бұрыннан білетін, осыдан жеті-сегіз жыл бұрын Дағыстанға оқу-жаттығу жиынына келген жігіттер бар. Мен оларға сәттілік тілегім келеді. Arlan MMA Pro Team - өте жақсы және мықты команда. Олардың файтерлері барлық ресейлік промоушнда бар, UFC-де бірнеше спортшылары жүр. Бәріне сәттілік тілеймін!», деді Хабиб Нурмагомедов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер