Әлем футболы

Марадонаның соңғы аудиохабарламасы жарияланды

Марадонаның соңғы аудиохабарламасы жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның соңғы аудиохабарламасы жарияланды. «Наполи» мен Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы 25 қарашада 60 жасында созылмалы жүрек жетіспеушілігінен туындаған жедел өкпе ісінуінен қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марадонаның хабарламаны бұрынғы әйелі Вероника Охеданың қазіргі күйеуі Марио Бодриға жіберген. Охеда мен Марадонаның жеті жасар Диего Фернандо атты ұлдары бар.

«Сәлем, Марио. Бұл - Диего. Мүмкін сен менің сөзіме сенбессің, бірақ мен Верониканың жақсы күйде екенін көріп жүрмін. Ол маған екеуіңнің бірге екендеріңді айтты. Оған және менің теңдесі жоқ періштеме Диегоға қамқор болыңыз. Менің ұлдарым көп, бірақ оның орны ерекше», - деп келтіреді Maрадонаның сөзін Football Italia аргентиналық Secretos Verdaderos телебағдарламасына сілтеме жасап.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер