«Қайсар» футбол клубын келесі маусымда жергілікті маман жаттықтырады

«Қайсар» футбол клубын келесі маусымда жергілікті маман жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Жақсылық Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг аясында келесі маусымда «Қайсар» футбол клубының тізгінін жергілікті бапкердің ұстайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ВК тобына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта жаттықтырушылық қызметке үш үміткер бар. Атап айтқанда, бұған дейін «Қайсардың» аналитикалық жаттықтырушысы болған Қанат Шерімбетов, «Байқоңырдың» бас бапкері Ерлан Шойтымов пен жергілікті жаттықтырушы Сұлтан Әбілдаев. Біз осы үш жаттықтырушының жұмыс жоспарын анықтап, лайықтысын жауапты қызметке тағайындаймыз. Жергілікті мамандар команданы премьер-лигадағы ең жақсы нәтижеге жеткізетініне сенімдімін», - деді Оспанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер