Теннис

Нұр-Сұлтанда теннистен турнир басталды

Нұр-Сұлтанда теннистен турнир басталды
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда ITF Juniors J3 санатындағы жасөспірімдер арасында Nur-Sultan Open халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі таратты. Беделді жарысты Халықаралық теннис федерациясы мен Қазақстан теннис федерациясы бірлесіп өткізеді. Турнирге 6 елден, атап айтқанда, АҚШ, Германия, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Украинадан үздік жасөспірім теннисшілер келді. Қазақстан намысын еліміздің ең мықты жасөспірімдер Николенко Татьяна, Карлова Елизавета, Сагандыкова Аружан, Озерной Данил, Хайрутдинов Артур және басқалар қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер