Әлем футболы

Чемпиондар лигасының форматы өзгеруі мүмкін

Чемпиондар лигасының форматы өзгеруі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

The Times мәліметінше, УЕФА Чемпиондар лигасының форматын өтгертуге ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге «швейцариялық жүйе» енгізілуі мүмкін. Ол шахматта және басқа спорт түрлерінде қолданылады.

Бұл жүйе бойынша дивизионда 32 немесе 36 команда болады. Олардың әрқайсы 10 матч өткізеді - 5-і сырт алаңда, 5-і өз алаңында. Әр матчтағы қарсыластар әр түрлі болады және олар жеребе арқылы анықталады. Үздік 16 команда плей-офф кезеңіне шығады. Бірінші орын алған команда 16-сатыдағы командамен, екіншісі 15-ші орындағы командамен ойнап, солай жалғаса береді. 17-ден 24-ке дейінгі орындар Еуропа лигасына жолдама алады.

Бұл форматты УЕФА 2024 жылдан бастап енгізілуді жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер