Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» капитаны ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізіміне енді

ҚХЛ: «Барыс» капитаны ең көп жалақы алатын  ойыншылардың тізіміне енді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Спорт-экспресс» басылымы ең көп жалақы алатын ҚХЛ ойыншыларының жаңартылған тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Негізгі жалақысы (бонустарды қоспағанда) 45 миллион рубльден асатын хоккейшілер тізімінде елордалық «Барыс» хоккей клубынан бір ойыншы бар. Ол - қорғаушы Даррен Диц.

«СЭ» мәліметінше, «Барыс» капитаны айына 75 миллион ресей рублін алады (Қазақстан Ұлттық Банкінің 2 желтоқсандағы бағамы бойынша 418,5 миллион теңге).

Айта кетейік, ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншы - мәскеулік «Динамоның» шабуылшысы Вадим Шипачев. Ол айына 120 миллион рубль көлемінде жалақы алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер