Бокс

Қоңқабаев: Чемпион болу қиын, оны сақтап қалу одан да қиын

Қоңқабаев: Чемпион болу қиын, оны сақтап қалу одан да қиын
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Шымкентте ел үздіктері анықталды. Қазақстан құрамасының капитаны, Шымкент шаршы алаңында Қызылорда облысының намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев жарысты қорытындылап берді.

- Қазақстан чемпионатында барлық жекпе-жектер тартысты болды. Финалда өзімнің артымнан өсіп келе жатқан, менен кейін осы салмақта тізгінді ұстайтын Нұрлан Сапарбай інім қарсылас болды. Жас буынның осындай қарқынмен келе жатқанына, мықты қарсылас болып отырғанына қуаныштымын.

Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты сақтап қалу одан да қиын. Қазақстан чемпионатында басты фавориттердің бірі болып саналдым. Сондықтан әрбір жекпе-жек мен үшін өте жауапты болды. Капитан деген атағым бар, сол үшін әрдайым жарыстарда бірінші орын алып, жеңімпаз атану - менің міндетім, - дейді Қамшыбек Қоңқабаев.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер