Қазақстан қыздар құрамасы Еуро-2022 іріктеу матчында Франциядан ірі есеппен ұтылды

Қазақстан қыздар құрамасы Еуро-2022 іріктеу матчында Франциядан ірі есеппен ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы матчын өткізді. Ваннада қазақстандық футболшылар Франция құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

G тобының көшбасшылары бірінші таймда жауапсыз жеті гол соқты. Екінші таймда тағы бес мәрте Қазақстан құрамасының қақпасынан саңылау тапты.

0:12 есебімен жеңіліп, Қазақстан құрамасы бірде-бір ұпай жинай алмай, G тобында 5-орынға тұрақтады. Француз қыздары өз кезегінде 22 ұпай жинап, Австрия құрамасынан 3 ұпай озып, G тобындағы іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды. Франция құрамасы турнир барысында бірде-бір гол жібермеді.

Франция – Қазақстан 12:0 (7:0)

Гол соққандар: Де Алмейда (5), Диани (7, 17), Катото (12, 16), Дали (24), Периссе (33), Каскарино (50), Лоран (58), Морони (67), Балтимор (72), Матео (83)

Қазақстан: Сандалова, Демидова, Айтимова, Бурова, Власова, Жұманбайқызы (Перме, 62), Нұрышева (Ступина, 28), Тұрлыбекова, Кәрібаева (Қожахмет, 46), Қырғызбаева, Садықова (Исмаилова, 46)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер