Әлем футболы

Марадонаның жеке дәрігерінің үйіне тінту жүргізілді

Марадонаның жеке дәрігерінің үйіне тінту жүргізілді
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина прокуратурасы Диего Марадонаның жеке дәрігері Леопольдо Лукенің Буэнос-Айрестегі үйі мен жеке клиникасына тінту жүргізілгенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Прокуратура атақты футболшы жеке дәрігерінің салғырттығынан көз жұмуы мүмкін деп санайды. Тергеу ісі Марадонаның қыздары Лукенің әрекеттеріне күмәнданғаннан кейін басталған.

Прокуратура соңғы күндері Марадонаға қандай медициналық жәрдем көрсетілген-көрсетілмегенін тексеріп жатыр. Өз кезегінде Луке Марадонаға барлық қажетті жәрдем берілгенін айтқан.

Айта кетейік, XX ғасырдың үздік ойыншыларының бірі Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды. Қараша айында оның миына операция жасалып, соңғы күндері үйінде ем қабылдап жүрген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер