Чемпиондар лигасының матчына алғаш рет әйел төрелік етеді
![Чемпиондар лигасының матчына алғаш рет әйел төрелік етеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202012/204253_3f5e44e1cb68c83383531691bdf41b44.jpg?v=28650041)
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы «Ювентус» - «Динамо» Киев матчына тағайындалған төрешілердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА сайтына сілтеме жасап.
Бұл ойынға франциялық Стефани Фраппар төрелік етеді. Чемпиондар лигасында алғаш рет әйел-төреші қызмет етеді.
Оның көмекшілері Хишам Закрани мен Мехди Рахмуни болмақ. Резерв төреші - Карим Абед. VAR - Бенуа Милла, АVAR - Вилли Дилаго (барлығы - Франция).
Бұған дейін Фраппар 2019 жылғы Еуропа Суперкубогындағы «Челси мен «Ливерпуль арасындағы матчқа төрелік еткен. 2019/20 маусымынан бастап ол Лига 1 ойындарын тұрақты негізде басқарады.