Бокс

Қазақстандық боксшылардың қарашадағы ТОР 10 тізімі жарияланды

Қазақстандық боксшылардың қарашадағы ТОР 10 тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Boxrec.com Данияр Елеусіновтің жеңісінен кейін, үздік қазақстандық боксшылардың салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, Елеусінов Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа жіберіп, IBF Inter-Continental чемпиондық белбеуін жеңіп алды және отандық боксшылар рейтингінде екінші орынға көтерілді. Осылайша, ол орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен кейінгі екінші орында тұр. ТОР 3 тізімін қазақстандық боксшыны WBO International чемпионы Қанат Ислам түйіндеп тұр.

ТОР 10 қазақстандық боксшылар:
1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) — 637.4
2. Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) — 30.07
3. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 28.25
4. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 27.91
5. Али Ахмедов (16-0, 12 КО) — 21.08
6. Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) — 15.37
7. Мейірим Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) — 13.93
8. Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) — 13.85
9. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 11.82
10. Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) — 8.767.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер