Әлем футболы

Луис Суарестің коронавирус сынамасы тағы оң нәтиже көрсетті

Луис Суарестің коронавирус сынамасы тағы оң нәтиже көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

«Атлетико» шабуылшысы Луис Суарес ертең Чемпиондар лигасында «Баварияға» қарсы ойынға қатыспауы мүмкін. Ойыншының коронавирусқа тапсырған сынамасы тағы да оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Marca.

Дереккөздің айтуынша, футболшы Covid-19 анықтау үшін анализ тапсырған. Нәтижесі тағы оң болып шықты.

Осылайша, бүгін, 1 желтоқсанда, матчқа бірнеше сағат қалғанда шабуылшы тағы да сынама жасайды, егер нәтиже көңіл көншітпесе, матчқа қатыса алмайды.

Суарес коронавирусты Уругвай құрамасының базасында 17 қарашада жұқтырды. Осы уақыт ішінде ол карантинде болды.

«Атлетико» - «Бавария» матчы бүгін, 1 желтоқсанда өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер