Әлем футболы

«Наполи» клубының стадионына Марадонаның есімі беріледі

«Наполи» клубының стадионына Марадонаның есімі беріледі
news-banner7
mobile-news-top

«Сан-Паоло» стадионы «Cтадио Диего Армандо Марадона» болып өзгереді. Бұл туралы Неаполь қаласының мэрі хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Стадионға 25 қарашада қайтыс болған аңызға айналған «Наполи» ойыншысы Диего Марадонаның есімі беріледі.

Алаңға атау таңдау барысында «Стадио Комунале Диего Марадона» және «Арена Диего Марадона» нұсқалары да қарастырылды.

Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Сараптама нәтижесінде Аргентина құрамасының экс-ойыншысы ұйықтап жатқанда созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан болған жедел өкпе ісінуінен қайтыс болғаны анықталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер