Сүйімбаев - Қазақстан чемпионатының үздік ассистенті

Сүйімбаев - Қазақстан чемпионатының үздік ассистенті
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев футболдан Қазақстан чемпионатының 2020 жылғы маусымында үздік ассистент атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы маусымда хавбек сегіз нәтижелі пас берген. Қарағандылық «Шахтердің» капитаны Арсен Хубуловтың еншісінде 7 ассист бар.

Дино Миканович пен Вагнер Лав (екеуі де – «Қайрат»), Серікжан Мужиков («Тобыл») пен Жоао Пауло («Ордабасы») бес реттен нәтижелі пас берген.

Төрт ассист жасағандар: Тони Сильва («Тараз»), Небойша Косович («Қайрат»), Сенин Себаи («Тобыл»), Тигран Барсегян («Астана»).

Еншісіне үш ассист жазғандар: Педро Эуженио («Жетісу»), Милан Стоянович («Оқжетпес»), Макс Эбонг, Дмитрий Шомко (екеуі де – «Астана»), Билал Себаихи («Каспий»), Мирзад Механович («Ордабасы»), Александр Станисавлевич («Қайсар»), Сергей Зенев («Шахтер»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер