Елдос Ахметов карьерасын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін

Елдос Ахметов карьерасын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордалық «Қайсардың» қорғаушысы Елдос Ахметов карьерасын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы ойыншыға ҚПЛ-ға оралған «мұнайшылар» ұсыныс жасады. Ахметовтің өзі әлі шешім қабылдаған жоқ және басқа нұсқаларды да қарастыруға ниетті.

Өткен маусымда Ахметов «Қайсардың» бас бапкері Стойхо Младеновтің сенімінен шыға аймай, ҚПЛ-де тек үш кездесу өткізген болатын. Соған қарамастан, Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы қорғаушыны үнемі кеңейтілген тізімге енгізіп отырған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер