Бокс

Сәкен Бибосынов: Ақтық сында бапкердің айтқанын тыңдамай, жеңіліп қалдым

Сәкен Бибосынов: Ақтық сында бапкердің айтқанын тыңдамай, жеңіліп қалдым
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Сәкен Бибосынов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, финалдық жекпе-жектегі жеңілісінің себебін түсіндірді.

"Біз бұл бәсекені асыға күттік. Өйткені, індетке байланысты бірнеше ай бойы шаршы алаңға шықпаған едік. Қуанышқа қарай, жарыс жоғары деңгейде өтіп, төрт кездесуде бақ сынадым.

Финалда жас боксшы Сабырхан Махмұдқа есе жіберіп, күмісті қанағат тұтқан жайым бар. Жалпы, бұл жеңілістің себебін тек өзімнен іздеймін. Өйткені, бапкерлерім айтқан ақыл-кеңесті тыңдамай, өз білгеніммен жұдырықтасып кеттім. Мысалы, жаттықтырушылар аяқпен көп қимылдауды тапсырып, мейілінше төбелеске бармау керектігін қайта-қайта ескертті. Ал мен кездесуде төбелесіп кете бердім. Осының салдарынан ұтылдым деп ойлаймын.

Негізі, бір салмақта бәсекеге қабілетті спортшылардың көп болғаны боксшыны одан әрі өсіреді. Егер ел ішінде бәсекелестік жоғары болса, ұлттық құрама үздіктері шетелдік аренада сенімді жұдырықтасады", - дейді Сәкен.

Сәкен Бибосынов 52 келіде Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленген. Сондай-ақ, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер