Грек-рим күресі

Жадыраев: Финалда Ділмұхамедовті жеңу әсте оңай емес

Жадыраев: Финалда Ділмұхамедовті жеңу әсте оңай емес
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Алматыда аяқталған Қазақстан чемпионатында Демеу Жадыраев жаңа салмақта жеңімпаз атанды. Спортшы Олимпиада бағдарламасына енетін 77 келіде топ жарған болатын. Балуан жаңа салмақта жеңіске жетудің қаншалықты қиын болғанын айтты.

- Жаңа жылдан бастан 72 келіден 77 келі салмақ дәрежесіне ауыстым. Бұл менің жаңа салмақтағы ресми алғашқы жеңісім. Бұған дейін ірілі-ұсақты турнирлерде, Конфедерация кубогінде осы салмақта күресіп жүргенмін.

Ал Қазақстан чемпионатында топ жару оңай емес. Өйткені, 77 келідегі бұрыннан күресетін балуандар жалпы дене салмағы жөнінен ірілеу келеді. Ел біріншілігінде Азия чемпионы Тамерлан Шадукеваты, финалда Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Асхат Ділмұхамедовты ұттым.

Шыны керек, Асхат өте қарымды балуан. Жаттығу жиындары кезінде білгенін үйретіп, бізге жол көрсетіп жүретін алдыңғы буын өкілі. Асхатпен күрескен кезде жолым болған сияқты. Бапкерлеріммен ойластырған тактика өз нәтижесін берді. Енді алдағы жарыстарға дайындаламыз, мұнымен тоқтап қалмаймыз, - дейді Жадыраев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер