русский язык

ҚПЛ-дың 22-туры: Бірінші таймнан кейін «Шахтер» төртінші орында тұр. «Ордабасы» - бесінші

ҚПЛ-дың 22-туры: Бірінші таймнан кейін «Шахтер» төртінші орында тұр. «Ордабасы» - бесінші

Бүгін Алматыда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының соңғы, 22-туры өтіп жатыр. Алғашқы үш матчтың алғашқы таймы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оқжетпес» пен «Ордабасы» арасындағы матчтың алғашқы жартысы 1:1 есебімен аяқталды. Шымкенттік команда 4-минутта Сергей Хижниченконың голынан кейін алға шыққан. Бірақ 39-минутта Тарас Бондаренко көзге түсіп, көкшетаулықтар есепті теңестіріп тастады.

Ал бір уақытта өтіп жатқан екінші матчта «Шахтер» мен «Тобыл» футболшылары есеп ашқан жоқ. «Қызыл-Жар» мен «Астана» арасындағы ойынның бірінші таймы елордалық команданың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймнан кейінгі онлайн-кестеде «Шахтер» 4-орынмен, еурокубоктарға жолдама алып тұр. Команданың еншісінде 30 ұпай бар. Ал «Ордабасы» олардан бір ұпайға қалып тұр.

ҚПЛ: 22-турдың тікелей трансляциясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;