Хоккей

Алматылық «Айсұлу» Еуропа әйелдер лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Алматылық «Айсұлу» Еуропа әйелдер лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Айсұлу» командасы шайбалы хоккейден Еуропа әйелдер лигасындағы бесінші матчын өткізді. Турнирдің барлық матчы Австрияда өтіп жатыр.

Қазақстандық ұжымның қарсыласы Австрияның «Лейкерс» клубы болды. «Айсұлу» хоккейшілері айдын қожайындарын сенімді түрде 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, алматылық команда еуропалық лигада екінші рет жеңіске жетті.

Енді «Айсұлу» келесі жекпе-жегін 2 желтоқсанда өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер