Әлем футболы

Сенегал құрамасының аңызы 42 жасында қайтыс болды

Сенегал құрамасының аңызы 42 жасында қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Сенегал құрамасы мен «Фулхэмнің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Папа Буба Диоп 42 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Mirror. Диоп ұзақ уақыт ауырған.

Диоп 2002 жылғы әлем чемпионатында Франция қақпасына жеңіс голын соғып, кеңінен танымал болған. Француздар сенегалдықтардан 0:1 есебімен жеңіліп, турнирдің топтық кезеңінен шыға алмаған. Ал Сенегал Әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен. Диоп Сенегал құрамасында 63 матч өткізіп, 11 гол соққан.

Диоп клубтық карьерасын 1996 жылы швейцариялық «Невшатель Ксамакс» командасында бастаған. Содан кейін сенегалдық футболшы «Грассхопперде» ойнады, артынша ол франциялық «Ланс» сапына ауысты. Кейін Диоп англиялық «Фулхэм», «Портсмут» және «Вест Хэм», сондай-ақ грекиялық АЕК сапында ойнады. Диоптың соңғы клубы «Бирмингем Сити» болды, ол командадан 2013 жылы кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер