Басқа

Формула-1. Хэмилтон Бахрейн Гран-приінде топ жарды

Формула-1. Хэмилтон Бахрейн Гран-приінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

«Сахир» автожолында Формула-1 жарысынан әлем чемпионатының 15-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Наурыздың соңынан қарашаның соңына ауыстырылған Бахрейн Гран-приі 2020 жылдың күнтізбесіндегі Еуропадан тыс жерде өткен алғашқы жарыс кезеңі болды.

Бұл сында «Мерседес» шабандозы Льюис Хэмилтон топ жарды. Ол осы маусымдағы 11-ші, ал мансабындағы 95-жеңісіне қол жеткізді.

Екінші орынды «Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен иеленді. Үшінші орын «Ред Булл» командасының тағы бір шабандозы өкілі Александер Албонға бұйырды.

Жарыс барысында ел назарын аударған тағы бір оқиға «Хаас» шабандозы Ромен Грожанның қатысуымен болған апат болды.

Аптақа ұшыраған көліктің алдыңғы бөлігі Романмен бірге шлагбаумға кептеліп, өртеніп кетті, артқы жағы трассада қалды. Halo жүйесі шабандоздың басын шлагбаумға соғудан қорғады. Оншақты секундтан кейін Грожан өрттен шықты, медициналық көліктің жүргізушісі оған шлагбаумнан өтуге көмектесті.

Медициналық орталықта қаралғаннан кейін Грожан Манамадағы әскери госпитальға жіберілді. Шабандоз тобықтары мен қолдарынан жеңіл күйік алды. Дәрігерлер оның қабырғасы сынған болуы мүмкін күдіктеніп отыр.

Екінші өрт 54-айналымда орын алды. Үшінші болып келе жатқан Перестің көлігінде мәселе туындап, өртене бастады, Серхио жол жиегіне тоқтауға мәжбүр болды. Осылайша, Racing Point Конструкторлар кубогында үшінші орыннан айырылып қалды.

Формула-1. Бахрейн Гран-приі:

  1. Льюис Хэмилтон («Мерседес»)
  2. Макс Ферстаппен («Ред Булл»)
  3. Александер Албон («Ред Булл»)
  4. Ландо Норрис («Макларен»)
  5. Карлос Сайнс («Макларен»)
  6. Пьер Гасли («Альфа Таури»)
  7. Даниэль Риккардо («Рено»)
  8. Валттери Боттас («Мерседес»)
  9. Эстебан Окон («Рено»)
  10. Шарль Леклер («Феррари»)
  11. Даниил Квят («Альфа Таури»)
  12. Джордж Расселл («Уильямс»)
  13. Себастьян Феттель («Феррари»)
  14. Николас Латифи («Уильямс»)
  15. Антонио Джовинацци («Альфа Ромео»)
  16. Кими Райкконен («Альфа Ромео»)
  17. Кевин Магнуссен («Хаас»)
  18. Серхио Перес («Рейсинг Пойнт») — мәреге жетпеді
  19. Лэнс Стролл («Рейсинг Пойнт») — мәреге жетпеді
  20. Ромен Грожан («Хаас») — мәреге жетпеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер