Қазақстан чемпионаты: «Бәйтерек» «Оқжетпес» қақпасына тоғыз доп соқты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз29 қарашада футзалдан Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында «Бәйтерек» пен «Оқжетпес» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қорытынды есеп - 9:0.
Бірінші таймда Төрехан Досов пен Алмаз Абдуғалиев гол соқты. Николай Забродин дубль жасады.
Екінші таймда голдарды Дмитрий Двирный, Алмаз Абдугалиев (дубль), Арман Мурат, Сергей Клинков соқты. Ал Николай Забродин хет-трик жасады.