Әлем футболы

«Лео Криштиану». «Байер» ойыншысы ұлына ат қойды

«Лео Криштиану». «Байер» ойыншысы ұлына ат қойды
news-banner7
mobile-news-top

Леверкузендік «Байер» командасының жартылай қорғаушысы Леон Бэйли ұлына не үшін Лео Криштиану деп ат қоюды таңдағанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Ұлымның есімінің футболға еш қатысы жоқ. Ол маған байланысты. Лео - Леонның қысқартылған түрі. Лео - арыстан, ал мен - арыстанмын. Менің ұлым көшбасшылық мінезге ие болады деп сенемін. Криштиану - бұл жай ғана әдемі есім, Леомен жақсы үйлесім тауып тұр», - дейді Бэйли.

23 жастағы Бейли «Байер» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Хавбек осы маусымда барлық турнирді қосқанда 11 матч өткізіп, бес гол соққан және төрт нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер