Бокс

Бокстан қыздар арасындағы ел чемпионатының жеңімпазы белгілі

Бокстан қыздар арасындағы ел чемпионатының жеңімпазы белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаз бен жүлдегер есімі анықталды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Финалда Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Марина Вольнова мен жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері, Токио Олимпиадасы жолдамасының иегері, 20 жастағы Надежда Рябец жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшысы Надежда Рябец жеңіске жетіп, чемпион атанды. Аталған салмақта қола жүлдені Әсем Сұлтанова (Алматы) мен Арайлым Бегділдә (Жамбыл облысы) иеленді.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер