Бокс

Назым Қызайбай Қазақстан чемпионы атанды

Назым Қызайбай Қазақстан чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте 51 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы салмақтағы финалда шымкенттік Анджелина Лукас пен әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай «алтын» медаль үшін күресті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Назым Қызайбайға берді.

Жайна Шекербекова (Шымкент) пен Жансая Абдраимова (Жамбыл облысы) әйелдер арасындағы 51 келіге дейінгі салмақта ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер