Басқа

Баландин Қазақстан чемпионатының екінші алтын жүлдесін жеңіп алды

Баландин Қазақстан чемпионатының екінші алтын жүлдесін жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Қазақстан чемпионаты Ақтөбеде өтіп жатыр. Бұл жарыста 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин асығы екінші рет алшысынан түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның әйгілі жүзушісі 100 метрге брасс әдісімен жүзуде бірінші орынды иеленді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Баландин 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуден алтын медаль жеңіп алған болатын.

Жүзуден Қазақстан чемпионаты (Ақтөбе)

100 метрге еркін жүзу:
1. Әділ Қасқабай (Жамбыл облысы)
2. Сергей Присяжнюк (Алматы)
3. Ален Охотинский (Алматы)

100 метрге брасс әдісімен жүзу:
1. Дмитрий Баландин (Алматы)
2. Нұрдәулет Жұмағали (Жамбыл облысы)
3. Айбек Қамзенов (Ақтөбе)

100 метр, баттерфлай:
1. Әділбек Мусин (Нұр-Сұлтан)
2. Кирилл Шацков (Қарағанды)
3. Қайрат Нұржанов (Ақтөбе)

100 метр, артпен жүзу:
1. Глеб Коваленя (Ақтөбе)
2. Әділ Қасқабай (Жамбыл облысы)
3. Кирилл Любимов (Нұр-Сұлтан)

200 метр, кешенді жүзу:
1. Даниэль Қаракөз (Түркістан облысы)
2. Даниэль Гальва (Қарағанды)
3. Әлібек Қамзенов (Ақтөбе)

800 метрге еркін жүзу:

1. Ғалымжан Балабек (Жамбыл облысы)

2. Лев Черепанов (Алматы)

3. Сергей Присяжнюк (Алматы)

Эстафета 4х200 метрге еркін жүзу:

1. Алматы: Егор Попов, Ален Охотинский, Лев Черепанов, Сергей Присяжнюк.

2. Қарағанды: Кирилл Шацков, Александр Трошко, Даниэль Галва, Дамир Гисматулин.

3. Түркістан: Даниэль Каракөз, Әділ Қадыров, Кирилл Шашин, Асқар Темірғали.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер