Бокс

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

Әлемге танымал бокс аңызы Майк Тайсон мен Рой Джонс айқас алдында салмақ өлшеуден өтті.

Тайсон таразыда 220.4 фунтты (99.97 келі), ал Джонс 210 фунтты (95.25 келі) көрсетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 29 қарашада Калифорниядағы Карсон қаласының Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасында жекпе-жек өтеді.

Кездесу елорда уақытымен 07:50-де басталады. Кәсіпқой боксшылардың жұдырықтасу кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетерлігі, 15 жылдан кейін шаршы алаңға оралған Майк Тайсонның бұл айқастағы гонорары 10 млн долларды құраса, қарсыласы Рой Джонс 3 млн доллар алады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер