Бокс

Серік Теміржанов: Мақсатым - Қазақстан чемпионатында жеңіске жету

Серік Теміржанов: Мақсатым - Қазақстан чемпионатында жеңіске жету
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақтағы финалистер белгілі. Жарыстың басты фавориті саналған павлодарлық Серік Теміржанов финалға дейін сүрінбей жетіп, өз орнын сақтап қалуда. Жартылай финалда жас боксшыны оңай жеңген Серік Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, қандай тактика қолданғанымен бөлісті.

"Бірінші жекпе-жекке қарағанда, бүгін рингте өзімді жақсы сезіндім. Бабыма толық кірдім десем болады. Бүгін үшінші жекпе-жегімді тараздық жас боксшы Бейбарыс Жексенге қарсы өткіздім. Ол жас болса да өте мықты спортшылардың бірі. Жарыста бірінші рет кездесіп отырмыз. Бапкерлерім оның бойы, қолы ұзын болғандықтан жекпе-жекте бірінші нөмерлі болуды тапсырды.

Сондай-ақ, жақын қашықтықта шабуыл жаса деп кеңес берді. Бапкерлерім дайындаған тактика бойынша жекпе-жекте жеңіске жеттім деуге болады. Енді әрі қарай да дәл осылай бапкерлер кеңесіне құлақ түріп, финалға дайындаламын. Ел біріншілігіндегі мақсатым - Қазақстан чемпионы атану", - дейді Серік Теміржанов.

Айта кетерлігі, Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесірде ел құрамасына Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Оның енді Қазақстан чемпионатында финалдағы қарсыласы ақмолалық Ораз Асылқұлов болмақ. Бұл салмақтағы қола жүлдені Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы) пен Жексен Бейбарыс (Жамбыл облысы) иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер