Бокс

Данияр Елеусінов: IBF белбеуді Қазақстанға жібереміз деді

Данияр Елеусінов: IBF белбеуді Қазақстанға жібереміз деді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті. Ол намибиялық тәжірибелі боксшы Джулиус Индонгодан басым түсті. Олимпиада чемпионы Prosports.kz сайтына жекпе-жектен соң пікір білдірді.

– Өзімді сынақтан өткізу, рейтингіде жоғарылау үшін өте маңызды жекпе-жекті өткіздім. Оған қоса титулдық деңгейі болды.

– Жекпе-жек тез аяқталды...

– Иә, өйткені қарсыласыма дөп тидім. Өзімнің таймингім мен жылдамдығымды қосып, мүмкіндігімді қал жібермедім. Қарсыласымды жойқын соққымен ұстаған соң оның жекпе-жекті жалғастыруға қауқары жетпеді.

– Ринг сыртынан сіз жеңіске оңай жеткендей көріндіңіз...

– Әрине, екінші раундта техникалық жеңіске жету оңай көрінуі мүмкін. Бірақ шаршы алаң сыртында қаншама дайындық өтті, қанша тер төгілді. Сондықтан ешқандай жекпе-жек оңай болады деп айта алмас едім.

– Неге белбеуді шаршы алаңға беліңізге байламады?

– Өйткені IBF өкілдері карантинге байланысты жекпе-жекке келе алмады. Белбеуді Қазақстанға жібереміз деді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер