Бокс

48, 57 және 60 келіде ақтық сынға шыққан спортшылар есімі белгілі болды

48, 57 және 60 келіде ақтық сынға шыққан спортшылар есімі белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер боксынан 48, 57 және 60 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық бәсекелер аяқталды.

48 келіде алтын жүлдеге жамбылдық Аяулым Балқыбекова мен елордалық Арайлым Марат таласады. Аталған салмақта қола жүлде Роксана Гасымова мен Жазира Орақбаеваға бұйырды.

57 келіде Команда үздіктерінің бірі Айжан Қожабекова атыраулық Назым Ищанованы жеңіп, финалда жұдырықтасу мүмкіндігін алды. Екінші жекпе-жекте Қостанай облысының өкілі Владислава Кухта тәжірибелі Сәния Сұлтанқызынан басым түсті. Бұл салмақтағы финалдық сында Айжан Қожабекова мен Владислава Кухта кездессе, Сәния Сұлтанқызы мен Назым Ищановалар қола жүлдені қанағат тұтты.

60 келі салмақта тәжірибелі Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) мен елордалық Римма Волосенко кім мықтыны өзара анықтайды. Қола жүлдені ақтөбелік Айдана Забынбекова мен Жамбыл облысының өкілі Адина Қалдыбай иеленді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер