Басқа

Ауылдарда балаларды шымырлыққа баулитын дәстүрлі бокс пен күресті дамыту керек - Қырымбек Көшербаев

news-banner7
mobile-news-top

Жергілікті жерлерде бюджетті қарастырғанда қымбат спорт клубтарына емес балалар мен жасөспірімдердің үйірмелері мен секцияларына қаражат бөлуге мән беру керек.

«Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты. «Спорттың нақ осы командалық түрлері балаларды басқа құрдастарымен өара санасып, олардың ұжымдасып шешім қабылдауға тәрбиелейді.

Бұған қоса, ауылдарда балаларды шымырлыққа баулитын дәстүрлі бокс пен күресті дамытып, жастардың дүниетанымы мен ойлау қабілетін шыңдайтын спорттың шахмат, киберспорт және басқа да интеллектуалдық түрлерін өркендету керек», - деді Қырымбек Көшербаев.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер