Басқа

Спорт пен саясат егіз ұғым. Солтүстік Корея гимнасшысы Оңтүстік Кореяға қарғып өтті

Спорт пен саясат егіз ұғым. Солтүстік Корея гимнасшысы Оңтүстік Кореяға қарғып өтті
news-banner7
mobile-news-top

КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы демаркациялық сызықта тұрған дуалдың босап кеткен бұрандасы солтүстік кореялықтың Оңтүстікке байқатпай кіріп кетуіне себеп болды, деп хабарлайды Prosports.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Қашқын жасы 30-ға тақаған спортшы-гимнаст болып шықты. Ол қоршаудың үстінен қарғып секірген, ал бұрандалардың босап кетуіне байланысты датчиктер жұмыс істемей қалған болып шықты. Олар шекарашыларға қоршауға тиген соққылар туралы ескерту жасап тұратын.

Қашқын-гимнаст бейнебақылау камераларына түсіп қалып, оны Оңтүстік Корея билігі ұстады. Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, билік солтүстіккореялықты оның шекарадан қалай өткенін тексеру үшін бірнеше рет секіруге мәжбүр еткен. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері енді кореяаралық шекарадағы барлық датчикті тексеретінін мәлімдеді.

Жыл сайын адам құқығын бұзатын репрессиялық мемлекет деп айыпталған Солтүстік Кореядан шамамен 1000 адам қашады.

Фото: Getty Images

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер