Грек-рим күресі

Бақтияр Байсейітов: Біздің басты мақсатымыз - Олимпиадаға жолдама алу

Бақтияр Байсейітов: Біздің басты мақсатымыз - Олимпиадаға жолдама алу
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ең соңғы жарыс күнінде грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған болатын. Грек-рим күресінен команда бас бапкері Бақтияр Байсейітов біріншілікті түйіндеп, жастардың қарқынына қуанатынын айтты.

«Бірнеше айдан бері кілемге шықпаған балуандарға Қазақстан чемпионатын өткізуге рұқсат берді. Бұл біз үшін қуанарлық жайт. Ел чемпионатын бағамдай келе, жас әрі талантты балуандардың көбейгеніне көзім жетті. Енді олардың барлығы чемпионаттың ізін ала басталатын «Ақ Бұлақ» олимпиадалық орталығындағы жаттығу жиынына шақырту алады.

Біздің балуандар алдындағы ең негізгі мақсат – Токио Олимпиадасына жолдама алу. Бізде алты олимпиадалық салмақтың екеуінде ғана лицензия бар. 60 және 77 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріне алаңдамаймыз. Ал қалған төрт салмақта біз міндетті түрде жолдама алуымыз керек.

2021 жылдың наурызында Қытайда лицензиялық турнир өтеді. Онда әр салмақта екі жолдама таратылады, яғни, финалға шыққан екі балуанға лицензия беріледі. Одан бөлек, сәуір айының соңында Болгарияда әлемдік турнир ұйымдастырылады. Сол жерде де жолдамаға таласатын мүмкіндік бар. Қазақстан чемпионатында біраз балуанның әлеуетін байқадық. Бәсекелестік өсіп келе жатыр. Ал бәселестік бар жерде чемпион да болады», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер