Әлем футболы

«Наполидың» стадионына Марадонаның есімі беріледі

«Наполидың» стадионына Марадонаның есімі беріледі
news-banner7
mobile-news-top

«Наполи» футбол клубының стадионына 25 қарашада 60 жасында қайтыс болған аңыз ойыншы Диего Марадонаның есімі беріледі, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Неаполь мэрі Луиджи ди Маджистрис Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Біз «Сан-Паоло» стадионына Диего Армандо Марадонаның есімін береміз», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Диего Марадона «Наполи» сапында 1984 жылдан 1991 жылға дейін ойнаған. Аталған клуб сапында ол екі рет Италия чемпионы атанып, бір рет Италия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар 1989 жылы Марадонаның арқасында «Наполи» УЕФА Кубогын жеңіп алды.

2017 жылы аты аңызға айналған аргентиналыққа Неапольдің құрметті азаматы атағы берілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер