Әлем футболы

«Марсель» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде антирекорд орнатты

«Марсель» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде антирекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

«Марсель» командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі 4-турында өз алаңында «Портумен» ойнап, 0:2 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Провансальдықтар Еуропадағы ең беделді турнирдің топтық кезеңінде қатарынан 13 рет жеңіліс тапты.

Осылайша, «Марсель» Чемпиондар лигасының жаңа антирекордын орнатты.

Бұған дейін «Андерлехт» ең нашар серияның иесі болған еді. Олар 2003-2005 жылдар аралығында қатарынан 12 ойында жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер