Қысқы

Шортандыда шаңғыдан Қазақстан чемпионаты басталады

Шортандыда шаңғыдан Қазақстан чемпионаты басталады
news-banner7
mobile-news-top

26 қарашада қазақстандық шаңғышылар Шортанды қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында 2020-2021 жылғы жарыс маусымын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz Ccsf.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында кейінге қалған шаңғымен сырғанаудан Қазақстан Республикасы Чемпионаты 2 турға бөлінеді: 26-29 қараша және 5-9 желтоқсан.

1-тур бағдарламасы:

26 қараша - бақылау жаттығулары, команда капитандарының жиыны

27 қараша - классикалық спринт

28 қараша - классикалық стильдегі жарыс, әйелдер 5 шақырым, ерлер 10 шақырым

29 қараша - фристайл, әйелдер 10 шақырым, ерлер 15 шақырым

Барлық жарыстар Халықаралық шаңғы федерациясы аясында өтеді, бұл қазақстандық спортшылардың әлемдік рейтингтегі позицияларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер