Зайнутдинов - РПЛ-дың бірінші айналымындағы үздік ойыншылар қатарында

Зайнутдинов - РПЛ-дың бірінші айналымындағы үздік ойыншылар қатарында
news-banner7
mobile-news-top

Чемпионат порталы қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты Ресей Чемпионатының соңғы 15 турында жақсы ойын өрнегін көрсеткен 10 футболшының тізіміне қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жазда ЦСКА қуатты трансферлік науқан өткізді. Еджуке, Гаич және Фукс көп ақшаға сатып алынды, бірақ Зайнутдинов қана үмітті ақтап жүр. ЦСКА Баханың трансферіне жұмсаған 2 миллион еуро үшін өкінбейді. Кез келген позицияда да ойнай алады. Шабуылшыға бейім ойыншы болса да, қорғаныста ойнауға мәжбүр. Онда да сауатты ойнап жүр» Сонымен қатар, жанкүйерлер Бактиердің соққан голын қазан айындағы үздік гол деп есептеді - деп жазды портал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер