ҚПЛ: «Оқжетпес» Бірінші лигаға ұшты, «Тобыл» «күміске» жақын

ҚПЛ: «Оқжетпес» Бірінші лигаға ұшты, «Тобыл» «күміске» жақын
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда Қазақстан чемпионатының 20-тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турдың алғашқы ойынында «Астана» қызылордалық «Қайсарды» 3:1 есебімен жеңді. Елордалық команда үшінші орында. Ал, қызылордалық команда үшін маусым аяқталды десек те болады. «Қайсар» турнир кестесінің ортасындағы орынын жоғалтпайды.

Петропавлдық «Қызыл-Жар» мен «Ордабасы» ойынында гол соғылмады. Шымкенттіктер тур қорытындысы бойынша бесінші орынға түсіп қалды.

Ал, «Каспий» командасы ҚПЛ-дағы орынын сақтап қалды. Ақтаулықтар «Таразды» 1:0 есебімен ұтты.

Бірінші лигаға түсіп қалған көкшелік «Оқжетпес» «Тобылға» 0:2 есебімен есе жіберді. Қостанайлықтар екінші орынды иеленуге жақын. Григорий Бабаян командасы үшінші орындағы «Астанадан» бес ұпай озып тұр. Чемпионат аяқталуға екі тур ғана қалды. Сол ойындарда «Тобыл» бір ұпай еншілесе жеткілікті.

Қарағандының «Шахтёрі» «Жетісудан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер