Бокс

Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады

Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақтың чемпиондарын жеңетінін айтып, мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Мен 160 фунттың патшасымын. Кез келгенін соққының астына аламын», – деп мәлімдеме жасады боксшы Twitter-парақшасында. Артынша тағы бір жазба жариялады:

«Тағы қайталап айтамын. Мен 160 фунттың патшасымын. Боксты түсінетіндер оны жақсы біледі. Егер чемпиондардың қандай да бір сұрағы болса, рингте жауабын алады. Кез келгенін жеңемін», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте орта салмақта төрт әлем чемпионы бар. Олар: мексикалық Сауль Альварес (WBA Super және WBC Franchise), америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) және Геннадий Головкин (IBF және IBO).

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер