Бокс

Данияр Елеусінов жекпе-жегінің анонсын жариялады

Данияр Елеусінов жекпе-жегінің анонсын жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегінің анонсын жариялады.

Ол 28 қараша күні өтетін Голливудтағы (АҚШ) бокс кешінде намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады. Боксшылар IBF Inter-Continental жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге таласады. Қазақстанда бұл жекпе-жекті Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция елорда уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, бесінші раундта америкалық Алан Санчесті техникалық нокаутпен жеңген (20-5-1, 10 КО) болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер