Күрес

Ғалымжан Өсербаев: Басты мақсатым - Азия және әлем чемпионатына қатысу

Ғалымжан Өсербаев: Басты мақсатым - Азия және әлем чемпионатына қатысу
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен 79 келі салмақта еліміздің бес дүркін чемпионы атанған Ғалымжан Өсербаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, біріншілік туралы ойымен бөлісті.

«Расында, балуандарға Қазақстан чемпионатында белдесу қиынырақ. Себебі, барлығы да бір-бірін жақсы біледі, әдіс-тәсілдерінен хабардар. Сондықтан, спортшылар өте жоғары дайындықпен келеді. Осымен бесінші рет чемпион атанудың сәті түсті.

Кілемде қарсылас болғанымен, өмірдегі досым Болат Сақаевты, ақтөбелік Айдар Балданбаевтарды ерекше атап өткім келеді. Барлығының да деңгейі биік.

Ал өзіме келер болсам, алдағы мақсатым – Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жүлде алу. Менің салмағым Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Әзірге, осы мақсаттармен шектеле тұрамын», - дейді Ғалымжан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер