Әлем футболы

Месси Чемпиондар лигасының келесі матчына қатыспайды

Месси Чемпиондар лигасының келесі матчына қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі 4-тур ойынына қатыспайды. Испан клуб қонақта киевтік «Динамомен» кездеседі.

«Барселонаның» бапкері Рональд Куман 19 футболшының тізімін ұсынды. Оған Марк-Андре тер Штеген, Сержиньо Дест, Карлес Аленья, Антуан Гризманн, Миралем Пянич, Мартин Брайтвайт, Усман Дембеле, Рики Пуч, Нето, Филипп Коутиньо, Клемент Ланглет, Франсиско Тринкан, Хорди Альба, Матеус Фернандес кіреді. Игнасио Пенья, Оскар Мингуеза және Конрад де ла Фуэнте енді.

Месси мен Де Йонгтың неге тізімге енбегені белгісіз. Куман ойыншыларға демалыс берді деп болжам жасалып отыр.

«Динамо» - «Барселона» матчы Киевте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша қарашаның 24-нен 25-іне қараған түні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер