Ауыр атлетика

Игорь Сон Қазақстан чемпионында топ жарды

Игорь Сон Қазақстан чемпионында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды.

Биылғы ел біріншілігі онлайн форматта өтіп жатыр.

Жарыс нәтижесі бойынша Алматы облысының өкілі Игорь Сон аталған салмақ бойынша жеңіске жетті. Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 301 (136+165) келіні бағындырды. Екінші орынға 269 (120+149) келіні бағындырған қостанайлық Алексей Чуркин, ал үшінші орынға 265 (120+145) келіні көтерген қызылордалық Айдос Тұрсынбай жайғасты.

Айта кетерлігі, Игорь Сон 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер