Еркін күрес

Болтин аса ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атағын иеленді

Болтин аса ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атағын иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда еркін күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ең соңғы болып кілемге 125 келідегі балуандар шықты.

Алыптар айқасында Олег Болтинге тең келер ешкім болған жоқ. Финалда ол тәжірибелі балуан, Олимпиада ойындарының қатысушысы Дәулет Шабанбайды 11:0 есебімен ұтты.

Қола жүлдені Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы) және Бақдәулет Өсербай (Түркістан облысы) иеленді.

«Финалда Дәулетпен кездестім. Ол өте мықты қарсылас. Көпшілігі оны қазір бағаламайтын шығар. Бірақ онымен кездесерде мен үнемі дайындаламын, өйткені, тәжірибесі мол. Білгенімен үнемі бөлісіп, бізге көмектесіп жүреді. Сол үшін көп рахмет айтамын. Нағыз бабымда болмасам да, соңына дейін күрестім. Менің басты қарсыласым – Юсуп Батырмурзаев. Екеуміз үнемі күресеміз. 1:6 есебімен ұтылып жатып, 7:6 есебімен жеңіске жеттім. Ең соңына дейін барамын деген мақсатымды орындадым. Барлық қарсыластарыма, бапкерлеріме алғысым шексіз», - дейді Болтин.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер