Еркін күрес

Дәулет Шабанбай ел чемпионатының финалына шықты

Дәулет Шабанбай ел чемпионатының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі жалғасып жатыр. Бүгін еркін күрестен соңғы төрт салмақ бойынша финалға шыққан балуандар анықталды деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

74 келіде әлем чемпионатының жүлдегері Нұрғожа Қайпанов пен Қанат Мұсабеков (Қызылорда облысы) алтынды сарапқа салады. 79 келіге дейінгі салмақта Қызылорда облысының өкілі Ғалымжан Өсербаев пен Алматы облысының намысын қорғайтын Рүстем Мырзағалиев белдеседі.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Эльхан Асадов пен елордалық Ералы Әбдірашев алтынға таласады. Ал 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тәжірибелі балуан, Олимпиада ойындарының қатысушысы Дәулет Шабанбай мен ШҚО өкілі Олег Болтин кездеседі.

Финалдық белдесулер кешкі сағат 18:00-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер