Еркін күрес

Данияр Қайсанов Қазақстан чемпионатынан шығып қалды

Данияр Қайсанов Қазақстан чемпионатынан шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері және Токио Олимпиадасына жолдама иегері Данияр Қайсанов бірінші айналымнан кейін Қазақстан чемпионатына қатысуын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайсановтың турнирге қатысудан бас тартуына белінің зақымдануы себеп болды.

«Ұлттық чемпионат қарсаңында оқу-жаттығу жиынында Даниярдың белі мен омыртқасы ауырды. Осыған қарамастан, біз маңызды жарыстардың бірі - чемпионатқа қатысқымыз келді. Бірақ бүгінгі алғашқы жекпе-жектен кейін оның белі тағы ауырды. Сондықтан біз жарақатымызды одан әрі ушықтырмау үшін турнирге қатысуды тоқтатамыз деп шештік», - деді Даниярдың жеке жаттықтырушысы Аслан Байғұлов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кету керек, Данияр Қайсанов 74 келіге дейінгі салмақта белдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер